КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылдың 1 шілдесінде «Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ Орталықтың әйелдер қауымымен жаппай іс-шара өткізілді.

Ойынға 4 топ: «Банда», «Улыбка», «Рассвет» және «Комета» қатысты. Топ мүшелері 4 адамнан құрады. Бұл сайыстың ерекшелігі қатысушының жас ерекшелігіне шектеу қойылмай, спорттық дайындығының күйі ескерілмеді. Қатысушыға арналған ең басты қағида: салауатты өмір салтын    сақтанатын және осы қатарды толтырушылардың бірі болуы еді.  Ал қорытынды ойынның соңындағы нәтиже – олардың ауыз біршілігі мен ұйымдастырушылығына байланысты еді.

Ойын басында барлық қатысушыларға Орталық директоры Нұрбол Нұрбайұлы Зұлқарнаев жылы лебізін білдірді.  Ойын басын ашық деп жариялап, ойыншыларға сәттілік тіледі.

«Веселый старт» бағдарламасы өте қызықты болды. Топ мүшелерінің ерекше тапсырмаларымен, онымен қоса, жүгіру, қаппен секіру, секіргіштер  мен доп ойындары, шаңғымен жүгіру, құмыраға су тасу, арқан тарту кезеңдері арқылы өздерінің спорттық икемдерін көрсетті. Ойынның барлық кезеңдері  қызықты өтті. Қатысушылар мен жанкүйерлер ойынды қадағалап, ойыншылар үшін уайымдады. Спорттық жалын мен жеңіске деген ұмтылыс топтардың қатысушыларын толықтай қамтып, ортада болып жатқа жағдайды түсінбеді. Барлығы мәреге бірінші болып келулерін тіледі.

Ойын барысын қорыта келе: «Банда» тобы бірінші, «Улыбка» тобы екінші, «Рассвет» тобы үшінші және «Комета» тобы төртінші орындарды иеленді. Барлық топтар мақтау қағаздары және тәтті сыйлықтармен, жеңіске жеткен топ кубокпен марапатталды. Барлығы ерекше сергектік пен жақсы сезімдерге ие болды.