КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған фестиваль туралы ақпарат

   Астана қаласында ерекше қажет ететін жастар арасында фестиваль өтті. Осындай фестиваль Қазақстанда алғаш өтуде. Іс – шараға мүмкіндігі шектеулі жандар арасынан 19-29 жас аралығындағы I, II және III топ мүгедектер жастары қатысты.

 Фестивальге Қазақстанның төрт аумағынан қатысушылар қатысты. «Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылары арасынан 7 қатысушы қатысты. 10 номинация бойынша қатысушылар өз таланттарын көрсетті. 5 шығармашылық, 5 спорттық кезеңдер: вокал, хороеграфия,  іс-қимыл әні, инструменталды шығармашылық, қолданбалы өнер, үстел үсті теннис, боулинг, штанганы сығымдап көтеру, армспорт пен шахмат ойындары өтті. «Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» қатысушылары  үш номинация бойынша:

-         Штанганы сығымдап көтеру – Боревич Аркадий мен Сыздыкова Сауле;

-         Үстел үсті теннисі –Жекибаева Асель, Жумагалиев Мурат, Сафарова Луиза;

-         Қолданбалы өнер – Кадырова Гульжан, Исабаева Айгерим.

Фестивальдің алғашқы күні ашылу салтанатымен  өтіп, концерт өткізіліп, қатысушылармен таныстыру рәсімі жүргізілді. Штанганы сығымдап көтеру, үстел үсті теннисі, шашки мен шахмат ойындары жүргізілді. Түскі ас «Мумтаз» кафесінде болды, ал түстен кейін боулинг бойынша жарыс өтті. Фестивальдің екінші күні Астана қаласының ескерткіштерімен танысудан (ҚР Ұлттық мұражайы, «Бәйтерек» монументі, «Астана Опера» ГТОБ) басталып, түстен кейін MEGA SILKWAY ОСО қазақ эстрадасының жұлдыздары  - Маржан Арапаева, Досымжан Таңатаров, ағайынды Жүгінісовтер және әнші Дос, Сон Паскаль мен т.б. «Қамқор» Орталығы қанжығасына екі кубокты: бірінші орын құнды сыйлықтармен Кадырова Гульжан мен  Боревич Аркадий; екінші орын құнды сыйлықтармен Сыздыкова Сауле мен Исабаева Айгерим; үшінші орын  құнды сыйлықтармен  Сафарова Луиза; Жекибаева Асель, Жумагалиев Мурат сертификат пен  сыйлықтармен марапатталды. Фестивальдің ұйымдастырушылары Қазақстан жастар Конгрессінің басшысы Айдын Сабитовке, волонтерлерге, осы фестивальдің ұйымдастырушыларына көп рахмет. Фестиваль мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығын дамытуға, басқа таланттарды тануға, ұлттық мәдениет пен өнерді тануға шақырады.