КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Қазақстан Республикасының Рәміздеріне - 25 жыл!

30 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де Қазақстан Республикасының рәміздеріне 25-жыл толуына байланысты мерекелік  іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды. Заңгер Умербекова Динара Козиевна Қазақтан Республикасының рәміздері туралы баяндама оқыды. Сонымен қатар, қызмет алушылар  патриоттық өлеңдер оқып көрермендердің жүректерінде отансүйгіштік, мақтаныш сезімдерін оятты.

Тәуелсіз елдің ұрпақтары- біздер үшін бұл мерекенің алар орны ерекше. Егемендігімізді сақтау және нығайту келер ұрпақтың басты парызы екенін естен шығармаймыз. Сондай-ақ елімізді танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай қорғап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азама болуымыз керек.