КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылдың 19 маусымында Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де Медицина қызметкерлерінің күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Салтанатты шара барысында Астана қаласының  Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Е. Оспановтан көп жылдар бойы жемісті еңбек етіп, егде адамдар мен мүгедектерге күтім жасап және мекеменің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін мына қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етілді: Кенжегулова Клара Монжасаровна-мейірбике, Оспанова Сания Сейсенбаевна-мейірбике, Тулебаева Бибзада Карасаевна-мейірбике.

Орталық басшысы Н. Зулкарнаев медицина қызметкерлеріне құттықтау сөзін айтып,  алғыс хатпен марапаттады: Головина Елена Константиновна – тіс дәрігері, Воробьева Наталья Евгеньевна – терапевт дәрігері, Пивоварова Марина Геннадьевна – эпидемиолог дәрігері, Назиева Гүлден Негметолловна – мейірбике.

  Сонымен қатар, Нұр Отан   аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Досанұлы Умербаев біздің кіші медициналық қызметкерлеріміз Р. Боранбаева мен А. Турсуноваға алғыс хаттарын табыстады.  Ресми салтанаттан кейін мерекелік концерт болды. Біздің қызмет алушыларымыз би билеп, ән шырқап көңілдерін көтерді.