КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылы 14 маусымда Астана қаласында Special Olympics Қазақстан халықаралық ұйымның ұйымдастыруымен үстел тенисінен Республикалық турнир өткізілді.

Астана қаласының «Алау» мұз кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел тенисінен Республикалық жарыс өткізілді. Сайысқа Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан: Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, және Астана командасы құрамында Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»,Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»өнер көрсетті. Жалпы 97 қатысушының ішінде біздің мекемеден 22 қызмет алушылар қатысты. Іс-шараға «Жұлдыз-ай» қайырымдылық қорының құрметті қонақтары мен ұйым басшылары қатысты. Special Olympics Қазақстан ашылу салтанатына туды алып  шығу құрметіне ие болған біздің  Халықаралық Арнайы Олимпиадалық Ойындардың бірнеше рет жеңімпаз атанған  спортшыларымыз: С. Сигарев, А. Рогова, Р. Баранбаев, С. Сыздықова. Special Olympics Қазақстан ұранын Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету көрсету» орталығы командасының мүшесі Полина Фурадеева орындады.

         Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының»   спортшылары 2 алтын, 5 күміс және 5 қола  медальдар  алып, жақсы көрсеткіштермен оралды. Марапатқа деген талас  оңай болмады. Талмас қайрат  пен күш-жігердің арқасында ойын қызықты, әрі тартымды өтті.

         Special Olympics Қазақстан ұйымының басшысы Ольга Бахарева ойын соңында барлық қатысушыларды құттықтап, жылы лебізін арнады.  Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар, доп және тағы басқа спорттық құрал-жабдықтар сыйлады. Жарыс ұйымдастырушылары жеңімпаздарды құттықтап, денсаулық, табыс, спорттық жеңістер мен жаңа белестерді бағындыруды шын жүректерімен тіледі.